«Алматы өңірлік қаржы орталығының ақпараттық-білім беру орталықтарындағы ашық есік күндері» республикалық шарасы басталды
АЛМАТЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Алматы өңірлік қаржы орталығының ақпараттық-білім беру орталықтарындағы ашық есік күндері» республикалық шарасы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Бүгін Алматыда салтанатты түрде ашылған бұл акция еліміздің барлық облыстарында өткізіледі. 2007-2011 жылдар аралығында тұрғындардың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын көтеру бағдарламасы аясында өтетін шараның мақсаты - тұрғындарды Алматы өңірлік қаржы орталығының ақпараттық-білім беру орталықтарының қызметімен таныстыру. Акция аясында қаржы, білім беру мекемелерінің және бос орындардың жәрмеңкелері өткізіледі. Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты артыру бағытында шеберлік-сыныптары мен АӨҚО-ның қаржылық сауатты арттыруға бағытталған «Ақылды ойын» бағдарламасы ұйымдастырылады.