Алматы өңірлік қаржы орталығының төрағасы «ТМД-нің Бизнес көшбасшысы» наградасымен марапатталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 15-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының төрағасы Аркен Арыстановқа «ТМД-нің Бизнес көшбасшысы» наградасы берілді,

Алматы өңірлік қаржы орталығының төрағасы «ТМД-нің Бизнес көшбасшысы» наградасымен марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында «Ресейдің ТМД-ғы төрағалық жылындағы жаңа бастамалар» деген атпен өткен Достастық елдер Халықаралық экономикалық форумы аясында болып өтті.

Форумға Ресейдің Мемлекеттік билік органдарының жетекшілері, ТМД аумағындағы салалық бірлестіктері, ірі холдингтер мен қоғамдық ұйымдар және жетекші бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты. Шараны өткізудегі мақсат - экономикалық ықпалдастықтағы жолдарды одан әрі нығайту және болашақтағы перспективаларды талқылау.

Біздің елдің атынан ҚР Парламент депутаттары, «Қазпошта» АҚ, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің өкілдері қатысты.