Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ашық есік күні Алматы онкологиялық орталығында 13 ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді

Алматы онкологиялық орталығында қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні бастапқы тексеруден өтіп, орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультация алуға болады.

Сондай-ақ көрсеткіштері бойынша сүт безіне, іш қуысы органдарына және кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілетін болады.

«Тәжірибе көрсеткендей, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтаған кезде 95%-ға жуық емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау тезірек сауығып кетудің кепілі «, – деп атап өтті Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Төрешева.

Ашық есік күні Алматы қаласы, Папанин көшесі 220, А литері, 1 қабат мекенжайында өтеді.

Қосымша ақпаратты 8 (727) 312 2474 телефоны арқылы білуге болады.