Алматы орталығындағы ақылы автотұрақтардың саны артты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Гоголь көшесінде тағы екі автотұрақ ақылы режімге өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы орталығындағы ақылы автотұрақтардың саны артты

«Алматы СпецТехПаркинг» ЖШС-нің хабарлауынша, автотұрақтар Гоголь көшесінің қаланың орталық ауданындағы бөлігінде ашылмақ.

«Оның біріншісі Гоголь көшесінің Зенковтан Назарбаевкөшесіне дейінгі бөлігінде орналасып, №1001-ші ақылытұрақ аймағына енгізіледі. Екіншісі, Гоголь көшесінің Абылай хан көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде ашылып, №1002-ші ақылы автотұрақ аймағына кіретін болады. Аталған тұрақтарда ақпараттық тақта мен ескерту белгілері орнатылып, паркоматтар қойылады», - деді аталған компаниядан.

Айта кетейік, Алматыдағы ақылы тұрақтарда көлік қалдыру үшін жүргізушілер сағатына 100 теңге төлеуі қажет. Ақшаны паркомат және телефоннан СМС хабарламамен немесе «Парковки Алматы» қосымшасы және Qiwi, «Касса 24»терминалдары арқылы төлеуге болады.  

null 

null