21:58, 04 Ақпан 2019 | GMT +5
Алматы орталығындағы ірі дәмханалардың бірі сүрілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының орталығындағы заңсыз салынған дәмхана алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот орындаушылардың мәліметтерінше, жалпы ауданы 400 шаршы метр болатын Әуезов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан бір қабатты ғимаратты сот заңсыз салынған деп тапқан.
«МЖК пром» ЖШС-на қатысты өндірістік іс 2018 жылдың 28 қыркүйегінде қозғалған болатын. Содан бері серіктестіктің басшылығы сот шешміне сәйкес, ғимаратты өзі бұзатыны туралы хабарлап келген. Алайда ол уәдесінде тұрмады. Ол себепті заңды тұлға ҚР Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 670 бабында қарастырылған әкімшілік жауапқа тартылды»,-деді Алматы қалалық Әділет департаментінің бөлім бастығы Мейіржан Тәңкібаев.
Дәмхананың бүгін күндіз сүріп тастады.