«Алматы - Өскемен» автожолында қар құрсауында қалып қойған 22 автокөлік пен 116 адам құтқарылды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Алматы - Өскемен» авожолында қар құрсауында қалып қойған 22 автокөлік пен 116 адам құтқарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінен анықтағандай, 57 жолаушысы бар автобус, 10 жүк көлігі мен 11 жеңіл автокөлік күре жолдың 630-645 шақырымдары аралығында тұрып қалған. Шұғыл-құтқару тобының шапшаң әрекетінің нәтижесінде 45 минуттың ішінде барлық автокөлік құралы жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.