Алматы - Өскемен тас жолында көлік аударылды, 3 адам зардап шекті

ӨСКЕМЕН. 16 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Алматы-Өскемен тас жолының 731-ші шақырымында жоғары жылдамдықта келе жатқан  «Ниссан» көлігі аударылды.
None
None

3 жолаушы зардап шекті, олар түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сол күні Өскеменде Әуезов даңғылында шағын мокиктің (мотоциклдің бір түрі) мас жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, алда тұрған «Тойота-Матрике» көлігіне соғылды. Шағын мокиктің жүргізушісі зардап шекті.

Жол полициясынан хабарлағандай, өткен 9 айда облыс жолдарында көліктердің аударылуының 128 оқиғасы тіркелді, оларда 44 адам көз жұмып, 149-ы жарақаттанды.

Полицияда нақтылағандай, жол-көлік апатының бұл түрі жалпы санның 17 пайызын құрайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көліктердің аударылуының саны 3,2 пайызға артқаны байқалып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум