10:21, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік апатының салдарынан төрт адам қаза тапты
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында орын алған жол-көлік оқиғасында алты адам зардап шекті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше, шілденің 12-сінде таңғы сағат 5-терде Алматы-Өскемен тас жолының 530-шы шақырымында «Тойота» және «Мерседес» көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Тойота» көлігінің жүргізушісі мен «Мерседестің» тағы бір жолаушысы ауруханаға түсті.