14:12, 31 Мамыр 2022 | GMT +5
Алматы-Өскемен тасжолында көлік аударылып 3 адам көз жұмды
АЛАКӨЛ. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тасжолының 445 шақырымында көлік аударылып, 3 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Сарқан ауданы аумағындағы Қойлық ауылының маңында болған.
Көлікте 7 адам болған. 12 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырған, ал тағы көлік жүргізуші мен бір жастағы сәби ауруханада қайтыс болды.
«Қайғылы жағдай 30 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болған. Mersedes көлігі аударылған. Ішінде оның 7 адам болған. 2010 жылы туған қыз бала оқиға орында көз жұмды. Көлік жүргізуші мен бір жастағы бала ауруханада көз жұмды. Барлығы Алакөл ауданының тұрғындары»,- деді аудан әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Олжас Құрмашев.