«Алматы - Өскемен» трассасында қозғалыс шектелді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының автожолдарында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 8 ақпан, сағат 22.00-ден «Алматы - Өскемен» республикалық маңызы бар автожолдың 558-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - ШҚО шекарасы) қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс уақытша шектелді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты (ақтүтек боран, қар, көктайғақ) республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылғанын мәлім еткен еді.