Алматы - Павлодар әуе рейстерінің ұшу уақыты кейінге шегерілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратқа сәйкес, Павлодарға ұшатын КС307 рейсінің ұшу уақыты кейінге шегерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы - Павлодар әуе рейстерінің ұшу уақыты кейінге шегерілді

Дәл қазіргі уақытта ұшақтың ұшу уақыты 14-30-ға жоспарланған.

Сонымен қатар, Павлодардан келетін KC308 рейсінің де келу уақыты кейінге шегерілген.

Алматы әуежайының хабарлауынша, Павлодардан келетін ұшақтың қону уақыты 16-30-ға жоспарланып отыр.

Рейстердің кешігуі ауа райының қолайсыздығына байланысты. Нақтырақ айтқанда, Павлодар әуе жайындағы ұшу-қону алаңын қар басып қалғаны себеп болып отыр. Қазіргі уақытта жолақтар қардан тазартылды.