Алматы полицейлері адам өлтірген қылмыскерлерді құрықтады

АЛМАТЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы полицейлері өзінің жақын таныстарының құрбаны болған ер адамның қазасы туралы қылмыстың бетін ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыскерлер өздерінің ескі танысының автокөлігін иемдену жолында көлік иесін өлтіруге дейін барған. Қаза тапқан адам өзінің 25 жылдық еңбек жолында «Лексус» маркалы автокөлікке қол жеткізген екен.

«Қылмыскерлер діттеген мақсаттарына жету үшін танысын арнайы жалдаған пәтерге ертіп әкеліп, сол жерде о дүниеге аттандырған. Іздерін жасыру үшін мәйітті бөлшектеп тастаған. Ал денесін бензинмен өртеп жіберген. Біздің қызметкерлер қаза болғанның кім екенін анықтай алмай жүрген-ді. Хабарсыз кеткен баласын іздеуші бір кейуана мәйіттің өз баласы екенін таныды. Қызметкерлер де дәлелдемелер қорытындысы бойынша өлген адам әлгі ананың баласы екенін анықтады», деді Алматы қалалық ІІД-нің криминалды полициясының бастығы полковник Амангелді Шідерқұлов.

Жақында осы іс бойынша бөлім қызметкерлері қылмыскерлерді өлтірілген адамның «Лексус» көлігін сатып тұрған жерінен ұстаған. Бір күн ішінде олар көлікті 2 есе арзан бағаға сатып алатын адам тауып үлгерген. Тергеу барысында олар дене мүшелерінің қалған бөліктерін қалталарға салып, Райымбек даңғылындағы өзенге тастағандарын мойындады. Сонымен бірге, тергеу барысында мәлім болғандай, қылмыс жасаушылардың бірі атбегі болса, оның жолдасы қарапайым официант болып шыққан.

Соңғы жаңалықтар