Алматы полицейлері алаяқтардан зардап шегушілерді іздестіріп жатыр
«Қылмыстық істің материалына сәйкес, 1985 жылғы Л.Замзариева есімді азаматша жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық жасаған. Ол пәтерлерді бір тәулікке жалға алып, өзін үйдің иесі ретінде үшінші тұлғаларға ұзақ уақытқа қайта жалға берумен айналысқан», - деп хабарлайды құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Полицейлердің дерегі бойынша, қазіргі таңда олардың өндірісінде Л.Замзариеваның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 12 адамның шағымы бар.
Тергеушілердің ақпаратына сүйенсек, азаматтарға арзан бағада әуе тасымалына билет алып беруге уәде етіп, олардан ақша алып және уәдесін орындамаған 1981 жылғы М. Сагунов есімді азамат та күдіктілердің қатарында. Шағым білдірушілер саны: 10 адам.
Осыған байланысты, полицейлер қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында аталмыш тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды: 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02.