Алматы полицейлері ірі көлемде есірткі сатушыны құрықтады

АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда көп мөлшерде есірткі саудалаған Жамбыл облысы, Қордай ауданының тұрғынын құрықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу жұмыстары көрсеткендей, 24 жасар Р. есімді азамат есірткі затын өндіруші, әрі оны саудалаушы болып шыққан. Екі күн бұрын Алматыға келген пысықай екі килә гашишті саудалау барысында қолға түскен.

«Қордайдың жұмыссыз тұрғыны ірі көлемде есірткі сатып алушыны іздеп жүр деген жедел мәлімет келіп түсті. Сондай-ақ ол жеке тұтынушыларды емес, ірі мөлшерде есірткі алып, көтерме бағамен сатататындарды іздеген. Мәліметті анықтау үшін бір тәулікке жуық уақыт кетті. Оны құрықтау операциясын арнайы жасақтың жауынгерлерімен бірлесіп ертеңінде өткіздік», дейді Алматы қаласы ІІБ есірткімен күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Денис Лоскутов.

Тергеу барысында қылмыскер өз кінәсін мойындап, жалғыз әрекет еткендігін айтты. «Ол екі жылдан бері жұмыс таба алмай, осындай жолға баруға мәжбүр болғанын айтуда. Бұрын жауақа тартылмаған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда», дейді майор.

Қалалық есірткімен күрес өкілдері тәркіленген есірткіні химиялық сараптамаға жіберген. Оның таза салмағы 1 килә 737 грамды құраған.

Соңғы жаңалықтар