Алматы полицейлері қарақшылық жолмен шығатын өнімдерге қарсы қатаң күресуде

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Соңғы екі күн көлемінде Алматы полицейлері 15 мыңнан астам қарақшылық жолмен жасалған аудио және бейне таспа өнімдерін тәркіледі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарақшылардың бірі өз өнімін «Алатау» базарында саудалаған. Сол күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болып келетін жас жігіт бес мыңдай заңсыз жолмен дайындалған таспаларды шығарған.

«Бұл авторлық құқықтың бұзылуымен жасалған, жалған өнім болып табылады. Мұндай тауарлар тәркіленгеннен кейін, міндетті түрде жойылуы керек», дейді ІІБ-ның криминалды полиция басқармасының «К» бөлімінің бастығы, майор Александр Нежинский.

Мұндай заңсыз өніммен қарсы күрес кезінде таспалардың әкелінетін арналары мен олардың құрықталынып, жойылу жұмыстары маңызды. Өткен жылы Алматы полицейлері осындай өнімдерді Ресейден тасымалдайтын үш ірі арнаны ұстаған болатын. Естеріңізде болса олар өз тауарларын Екатеринбургтан әкеп, орталық мүліктік базардағы қоймада сақтаған. Қарақшылық жолмен әкелінген таспаларды сақтап, тарату мен айналысып келген жас алматылық болған еді. Сол арқылы тергеушілер табыс көзінің негізгі тұлғаларына шыққан болатын.

«Қаладағы сауда орталықтарында жүргізілген тексеріс жұмыстары арқасында жалған аудио және бейне таспалардың әртүрлі дүңгіршектерде және тағы басқа жасырын орындарда сатылатындығы белгілі болды. Қазіргі таңда полицейлердің, нақтырақ «К» бөлімшесінің алдында зияткерлік және авторлық құқықты барынша қорғау тапсырмасы тұр», дейді майор Нежинский.

Өткен жылы Алматы қаласы сақшылары заңсыз айналымдағы 180 мыңнан аса өнімді тәркілеп, ондай заттарды шығаратын 4 ірі цех пен жалған таспалардың данасын көбейтетін 30 арнайы техниканы тәркілеген.

Соңғы жаңалықтар