Алматы полицейлері кеңселерді тонап келген ұрының жолын кесті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы полицейлері кеңсе тонаумен айналысып келген кәнігі ұрының жолын кесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәрсенбіге қараған түні 29 жастағы жергілікті тұрғын Медеу ауданында бірінші қабатта орналасқан кеңселерді іздестіріп, торуылға шығады.

"Терезесі ашық қалған фирма кеңсесін байқаған ұры қиындықсыз ішке кіріп, есепші бөлмесіндегі сейфті алып кетпек болған. Бірақ сейфті көтере алмаған, дегенімен бағалы екі ноутбукты кеңседен алып шыққан", дейді Медеу аудандық ІІБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Бақыт Қасабеков.

Осы уақытта кеңсе жанынан өтіп бара жатқан «Боран-132» шолғыншы экипажы жүрісі күдік тудырған азаматты байқап қалады. Ол қипалақтап, түрін жасыру үшін жан-жағына қарай берген. "Шолғыншы экипаж қолында ұрланған техникалар салынған қол дорбасы бар күдіктінің жеке құжатын тексерген. Ол тиянақты жұмысы жоқ Түркісіб ауданының тұрғыны болып шыққан", деп атап өтті Б.Қасабеков.

Тергеу барысында ұсталушы тонаушылықпен айналысқанын мойындаған. Оның қанша қылмыстық істерге қатысы барлығы алдағы тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар