Алматы полицейлері кезекті алаяқтың қылмыстық ісін ашты

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматы полицейлері кезекті алаяқтың қылмыстық ісін ашты. Бұл жолы 50 жастағы Нарғыз есімді қылмыскер адамдардың сеніміне кіріп, өзінде жоқ, қаланың ең қымбат жер учаскелерін сатумен айналысқан. Оған алданған бір адам 5 миллион теңгеден астам ақшасын берген.
None
None

"Әйел үлкен жердің иесімін деп қоршалмаған жер учаскелерін көрсетіп, сатып алушылардан кепілақыны алып, келесі жолы келгенде құжаттарды алып келемін деп уәде беріп, сан соқтырып жүрген. Өзіне жалған бірнеше ат қойып, бірнеше қалта телефонын ұстаған. Алданушылар ол туралы толық ақпараттарды білмегендіктен, іздеу қиынға соқты. Дегенмен, біздегі полициялық картотеканың көмегімен қылмыскерді тез арада таптық", деді Алматы қаласының ІІД-нің криминалды полиция басқармасының мүліктік қылмыспен күрес бөлімінің бастығы Әрсен Баймұханбетов.

Оның айтуынша, қылмыскер бұған дейін 2001 жылы бірнеше алаяқтық жасағандығы үшін 6 жылға сотталған. "Бүгінде оның 23 осы сынды алаяқтық қылмысы анықталды. Қазір бұл әйелден зардап шеккендер іздестірілуде" , деді Әрсен Баймұханбетов.

Соңғы жаңалықтар