Алматы полицейлері кісі өлімінің ізін суытпай ашты

АЛМАТЫ. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Жанқожа батыр көшесінің жиегінде сөзге келіп қалған екі жас жігіттің қарым-қатынасы пышақ жұмсаумен жалғасып,

Алматы полицейлері кісі өлімінің ізін суытпай ашты

соңы адам өлімімен тынған.

«Екі азаматтың жанжалына куә болған жергілікті тұрғындар полицияға хабарлаған. «Құқықтық тәртіп» жұмыстарын жүргізу күндері болғандықтан біз барлық жұмысты күшейткен едік. Соның арқасында 5 минут ішінде әскери борышын өтеушілер мен участкелік инспектор оқиға орнына шұғыл жеткен. Ол уақытта қылмыскер жасырынып та үлгерген. Бірақ жаяу топтың ұйымдастырған тексеру жұмыстары нәтижесін берді», дейді Алатау аудандық ІІБ-ның бастығы полиция полковнигі Қасым Әшіров.

Адам өлтірген қылмыскер Алматы облысы Ұйғыр ауданының 19 жасар Асан атты тұрғыны болып шықты. Ол құрбан болған Серікпен бір жылдан артық таныс екендігін жеткізген.

«Қылмыскерді құрықтау кезінде ол қылмысқа айғақ пышақтан арылу үшін ағып жатқан суға лақтырған. Бірақ та пышақ табылып, қылмыстық іске тіркелді. Белгілі болғандай, жас қылмыскер осы ауданда уақытша тұрып жатқан. Алматыға жұмыс істеу үшін келген азамат бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған», дейді полковник Қ.Әшіров.

Жедел медицина қызметкерлерінің айтуынша, мерт болған адам жүрекке салынған пышақтың салдарынан тіл тартпай кеткен.