Алматы полицейлері ҚР әскери сотының төрағасы С.Байбаторовқа оқ атқан адамды анықтады

АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше сағат 09:00-де Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында ҚР әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровқа қастандық жасалып, аңшы қаруынан оқ атылған. Оқтың өтіп бара жатқан «Мицубиси Паджеро» маркалы автокөліктен атылғандығы бірден анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері ҚР әскери сотының төрағасы С.Байбаторовқа оқ атқан адамды анықтады

Аталмыш көлікті қудалау барысында қылмыскер автокөлігін бір үйдің ауласына тастап, жаяу қашып, жасырынып үлгерген.

Қазіргі уақытта қару пайдаланушының кім екендігі анықталған. Ол Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып табылатын Серік Байбатыровтың 39 жасар бұрынғы күйеу баласы Руслан Едресов болып шықты.

Қылмыскерді ұстау мен оның тұрған жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.