Алматы полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қылмыстық топ құрамында қарақшылық жасап, полициядан бой тасалап жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды. Қалалық ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері оны Тәшкент облысындағы әріптестерінің жәрдемімен
None
None

Өзбекстандағы іс-сапарларында құрықтады. 21 жастағы Өзбекстан азаматы 2010 жылы Жетісу ауданында қылмыстық топпен 1 әйелге шабуыл жасап, оның ірі сомадағы ақшасы бар қол сөмкесін тартып алған.

«Бұл іске қатысты адамдарды біз сол кезде-ақ анықтаған болатынбыз. Топтың өзге мүшелері Алматы қаласының аумағында құрықталған болатын. Олардың ішінде тек Өзбекстанның осы азаматы ғана ел аумағынан сытылып шығып, тергеу органдарынан бой тасалап жүрген еді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іздеудегі адамның болжаулы мекен-жайы анықталды», - дейді қалалық ІІД Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерғали Шакенов. Оның айтуынша, қазақстандық және көршілес елдердегі өз әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан алматылық полицейлер жыл басынан бері Қазақстан аумағында қылмыс жасаған 167 қылмыскерді және ТМД елдерінде әртүрлі ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 217 адамды іздеп табуға көмектескен. Сондай-ақ Алматыда қылмыс жасағаннан кейін қашқындық жолға түскен 300 қылмыскерлерді әшкерелеп, құрықтаған.

Соңғы жаңалықтар