Алматы полицейлері одорологиялық сараптамалардың көмегімен 14 қылмысты ашқан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Полициясы жыл басынан бері одорологиялық сынаманың көмегімен 14 қылмысты ашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полицейлері одорологиялық сараптамалардың көмегімен 14 қылмысты ашқан

Одорология бөлімі криминалистиканың қылмыс орнынан иіс анықтау мен тәркілеумен айналысады.

Алматы қаласының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасында бастап одорологиялық зертхана 1998 жылдан жұмыс істейді. Бұл бөлімде иістер сақталады және зерттеледі.

«Одорология – иістер туралы ғылым. Қылмыс орындарынан біз иістерді алып, одорологиялық зертханаға жеткіземіз. Одоролог мамандар оқиға орнына Алматы қаласының ПД жедел-тергеу тобының құрамында шығады. Алматы ПД одорология зертханасы – Қазақстандағы ең озық үлгідегі зертханалардың бірі. Зертхана ашылғалы бері көптеген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына ықпал етті. Мысалы, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мамандар 15 сынама өткізді, оның 14-і оң нәтиже берді», – деді Алматы қаласының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Натаван Алиева.

Маманның айтуынша, иіс іздері шыны ыдысқа салынған стерильді фланельде сақталады.

«Зерттеулер инспектор – кинолог және арнайы үйретілген ит – биодетектор қатысатын Алматы қаласының ПД Кинологиялық орталығының базасында жүзеге асырылады. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда 700 есе артық. Зерттеулердің бұл түрі өзектілігін жоймайды, себебі адам кез-келген нысанмен түйіскен кезде оның жеке исі сол жерде міндетті түрде қалады», – деді Натаван Алиева.