Алматы полицейлері өзбекстандық қылмыскерлерді қолға түсірді

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматы полициясының қызметкерлері Өзбекстан азаматтарынан құралған қылмыстық топты қолға түсірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД Тіл саясаты және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. Олар Алматыға еңбек ету мақсатымен осыдан үш ай бұрын келген. Алайда құрылыс нысандарының тоқтатылып қалуы қылмыс жасауға итермелеген. Түнгі мезгілде өзбекстандықтар кездейсоқ жаяу жүргіншіні шылым сұраған сылтаумен тоқтатады. Осы сәтті пайдаланып, олар жалғыз адамды ұрып жығып, жылы киімдері мен ұялы телефонын тартып алып кеткен. «Қылмыскерлер қатігездікпен таяққа жыққан жәбірленуші есінен танып қалған. Ол есін жия салысымен полицияға хабарласып, болған жайтты жеткізеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, Сейфуллин мен Райымбек көшелерінің қиылысында күдіктілер қолға түсті. Тәркіленген заттай айғақтар, олардың бұл қылмысқа қатыстары бар екендіктерін дәлелдеп берді», - дейді Жетісу АІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қанат Күдіков. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, бұл топ бұған дейін де қылмыстар жасаған болуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар