Алматы полицейлері пәтер тонаумен айналысып келген топты әшкерледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІБ-на сілтеме жасап.
Түс ауа полиция бөлімшесіне бір әйел қоңырау шалып, баспалдақпен күдікті еркектердің жоғарғы қабатқа көтеріліп бара жатқанын хабарлаған. Үш минут өте салысымен әлгі үйдің кіреберісне екі «Буран» шолғыншы экипажы келіп, тексеру жүргізу кезінде бір пәтердің сыртқы есігінің құлпы бұзылғандығын байқаған, дейді шолғыншы полиция майоры Серік Кененбаев.
Күзет адамдарын көрген қылмыскерлер бірден терезеден секіріп, қаша жөнелген, дегенімен сыртта тұрған полицияның екінші тобына тап болған күдіктілер көп ұзамаған.
Сондай-ақ олар қала ішінде «Лексус» автокөлігімен жүргендігі анықталып, тәркілеу барысында көліктен 5 ноутбук пен бірнеше ұялы телефон табылған.
С.Кененбаевтың айтуынша, ұсталған екі қылмыскер де Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және олар ұрлық пен қарақшылық шабуыл жасағаны үшін бұрын да қылмыстық жауапқа тартылған. Тергеу барысында пәтер тонаушылардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар, жоқтығы анықталуда.