Алматы полицейлері ұрланған 14 жасар оқушы қызды босатып алды

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы полицейлері жақында ұрлап кеткен 14 жасар оқушы қызды тұтқыннан босатып алды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Алматы қаласының ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы, полковник Валерий Козлов мәлім етті.

Жетінші сыныпта оқитын Юля есімді қызды жақында, күндіз сабағынан шыққан уақытта ұрлап кеткен болатын. Қылмыскерлер оны алдап, көлікке отырғызып, мектептен алып кеткен. Одан кейін олар қыздың ұялы телефоны арқылы әкесіне телефон соғып, 80 мың доллар ақша сұраған. Ұрлап кеткендердің біреуі ағасының танысы болған.

ЖШС -тің бас директоры болып табылатын қыздың әкесі дереу бұл жайында полицияға хабарлап, көмек сұрайды.

«Қаланың ІІД бірден арнайы жедел-іздестіру тобын құрды. Оқиға бала өмірінің қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, ең тәжірибелі полиция қызметкерлері, сонымен қатар, «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері мен ҰҚК департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қызды ұрлағандар әкесімен байланысқа бірнеше рет шығып, ақша алатын орынды қайта-қайта ауыстырды. Дегенмен де, полиция қызметкерлері бірден автокөлік маркасын анықтап, Момышұлы мен Жұбанов көшелерінің қиылысында қылмыскерлерді ұстады. «Мерседес» көлігінде 23 жастағы Руслан және 22 жастағы Осман есімді жігіттер болды. Олар Алматы облысы, Маловодное ауылының тұрғындары болып шықты. Осы уақытта екінші топ қызды тығып отырған қылмыскерлерді анықтады. Оны ұрлағандардың бірінің 50 жастағы әкесі ұстап отырған. Қазір бұл оқиғаға қатысты үшеуі де түсініктеме беруде. Ұсталғандардың біреуі бұған дейін істі болған. Үшеуінің де еш жерде жұмыс істемейтіндігі анықталды. Қазір 14 жастағы қыз аман-есен отбасымен бірге», - деді Валерий Козлов.

Оның айтуынша, қазір қылмыскерлер екі бап - (125 - адам ұрлау, 181 - ірі көлемде бопсалау) бойынша айыпталуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум