Алматы полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

Алматылық полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Оларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және мұқияттылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Полиция департаментінің мәліметінше, бір тәулікте қалада 158 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 25-і адам зардап шекті. Қайтыс болғандар жоқ.

Қазгидрометтің болжауынша ауа температурасы 11 қаңтарда түнде және түстен кейін -10...-12 градус суық болады.