Алматы полициясы 27 жастағы тонаушыны ұстады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 27 жастағы тонаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысының тумасы көшедегі адамдарды тонап, дүкендерге де қарақшылық шабуыл жасап келген. Әзірге 2 адам полицияға шағымданып үлгерген.
«Күдікті азамат дүкенді тонап, кассадағы ақшаны қолды қылған. Сондай-ақ, көшедегі адамнан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қалалық полиция кешенді жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктіні ұстады. Оның бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.
Қалалық полиция ер адамның іс-әрекетінен жапа шеккен адамдар болса,
254-46-01, 254-4603, 254-46-12 телефондарына хабарласуды сұрайды.