Алматы полициясы әнші Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жариялады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасында музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жарияланғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы әнші Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жариялады

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 1986 жылы 18 наурызда туған Әшіғалиев Бауыржан Жәнібекұлына іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: қамауға алу»,- деп жазды Рустам Абдрахманов.

Сондай-ақ ол Әшіғалиевке қатысты қандай да бір мәліметке ие азаматтардан +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады.

Еске салсақ, 2019 жылы әншінің әйелі Ксения Әшіғалиева күйеуі оны өлтірмек болғанын айтқан болатын.