Алматы полициясы аулалардағы қоғамдық тәртіпті камера арқылы бақыламақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жергілікті полиция қызметі аулалардағы қоғамдық тәртіпті бақылауда заманауи технологияларды қолданбақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін өңірллік коммуникациялар қызметінде Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов подьездер мен аулалардағы бейнекамераларды ортақ базаға біріктіру қолға алынатынын жеткізді.

«Бұл жаңа технология Алмалы ауданының ІІБ-да тестілік режімде жүргізіліп жатыр. Бірнеше ауланы қашықтан бақылап отыру мүмкіндігі туды. Адам көп жүрмейтін аудандарға бақылау күшейтіле түсті. Мәселен, сондай жерлерде қозғалыс пайда болса, инспектор бірден назар аударады. Инспектор құқық бұзушылық әрекет байқаса бірден сол мекенжайға экипаж жібереді», - деді Байкенов.

Мұның алдында ЖПҚ басшысы учаскелік полицейлердің жұмысы бейнекамералар арқылы бақыланып отыратынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар