Алматы полициясы автомектептер директорларымен жүргізушілер куәліктері санаттарының ұлғаюын талқылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы автомектептер директорларымен жүргізушілерді сапалы даярлау және жүргізушілер куәліктеріндегі санатттардың ұлғаюы мәселелерін талқылады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы полициясы автомектептер директорларымен жүргізушілер куәліктері санаттарының ұлғаюын талқылады

Кездесу барысында жаңа заңнаманың нормалары мен талаптары қатысушылардың қаперіне жеткізілді және талқыланды. Сындарлы диалогта заңнамалардағы өзгерістерді курсанттардың қаперіне дұрыс жеткізуде оқыту әдістемесін жақсартуға қатысты мәселелер де әңгіме болды. Жол қауіпсіздігі жөніндегі негізгі мәселелермен қатар жаңа жүргізушілер куәліктерін берумен байланысты заңнамаға енгізілген жаңалықтар егжей-тегжейлі талқыланды.

«Автомектептер оқытушылары санаттардың ұлғайтылуын мақұлдайтынын білдірді. Олардың пікірінше, қосылған ВЕ, СЕ, DЕ санаттары және А1, В1, С1, Д1, С1Е и D1Е алты кіші санаттар жүргізушілер құрамының білімін жақсартады және өмірде, сондай-ақ қажетіне қарай жұмыс барысында және кәсіби қызметте қолданылатын болады. Жаңа үлгідегі жүргізушілер куәліктері жол қозғалысы туралы заңды жүзеге асыру аясында енгізілді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен «Механикалық транспорт құралдары жүргізушісінің куәлігі» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты бекітілді», деп түсіндірме берді Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ресми өкілі Еркін Өтегенов.