Алматы полициясы әйелдерді соңынан аңдып, тиісіп жүрген жас жігітке іздеу салды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Бостандық ауданында әйелдерді соңынан аңдып, оларға тиісіп жүрген ер адамды полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жігіттің видеосы желіде тарады.

«Жас жігіт Бостандық ауданында әйелдерді аңдып жүріп, олардың ұятты жеріне тиісіп шабуылдап жүр. Мына видеода ол подъезд алдындағы талдардың арасына тығылып, бір қызды аңдыған, подъезге бірге кірген соң лифтіде қызға шабуыл жасаған. Қыз оны теуіп жіберген соң жігіт тез қашып кеткен», - делінеді видеодағы жазбада.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы ҚР заңнамасына сәйкес тексеріс бастағанын хабарлады.



Соңғы жаңалықтар