Алматы полициясы банк ғимаратынан «жарылғыш зат» іздеп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы банк ғимаратынан «жарылғыш зат» іздеп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таңертең белгісіз біреу Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы ғимаратта жарылғыш зат барын хабарлаған. Аталған ғимараттан барлық қызметкерлер мен клиенттер сыртқа шығарылды. Қазіргі таңда жарылғыш зат іздестіріліп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.
Оқыс оқиғаға байланысты қазір Абылайхан көшесін полиция қоршап қойды.