Алматы полициясы бұзақыларды адам өміріне қауіп төндірді деп айыптады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция көшедегі арық торын қасақана сындырмақ болған екі жігітке қатысты шара қолданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы бұзақыларды адам өміріне қауіп төндірді деп айыптады

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бейнежазба WhatsApp желісінде тарала бастаған.

Бейнекадрда екі жігіт жол шетіндегі арықтың бетіндегі шойын тордың үстінен секіріп, аяғымен сындыра бастаған.

«Бұлай жасауға мүлде тыйым салынған. Қисайған арық торының кесірінен қаншама апат болып жатыр. Адамдар шұңқырға түсіп кетуі мүмкін. Бұл салық төлеушілердің ақшасын құрту. Бұл басбұзарлар міндетті түрде ұсталып, оларға қарсы жаза қолданылатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.