Алматы полициясы медициналық мекемелердегі есірткі заттарын пайдалану ережесін тексере бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы медициналық мекемелердегі есірткі заттарын пайдалану ережесін тексере бастады. Олардың қатарында психотроптық заттар мен прекурсорларды айналымға жіберумен заңды түрде айналысатын өндірістік кәсіпорындар да бар.
«Допинг» жедел-профилактикалық шарасы аясында дәріханалар, медициналық мекемелер мен зертханалардағы психотропты, улы заттармен, прекурсорлармен жұмыс істеу тәртібі тексеріледі. Ондай заттарды сақтау, есептеу, тіркеу қатаң тәртіппен жүргізілуі тиіс», - деді қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Азамат Садыров.
Айта кету керек, бүгін басталған жедел профилактикалық шара барысында 2 мекемеде заңбұзушылыққа жол берілгені анықталды. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 303-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.