Алматы полициясы өрттің алдын алу үшін Көктөбе бөктерін қарауылдап жүр

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шаралар тау бөктеріндегі құрғақ шидің, дала өртінің алдын алу үшін жасалып отыр.
Күн сайын қарауылдауға Полиция мен ТЖД тарапынан 11 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған.
Айта кету керек, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.
Оқиға болған жерге көп ұзатпай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.
Кейін арада бірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды.
Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен. Сол жерден өрт сөндірушілер 1 адамның денесін тауып алды.
Бүгін Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолда тағы да өрт шықты.