Алматы полициясы заңсыз айналымнан қару тәркілеуге кірісті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Полиция департаменті 10-14 шілде аралығында «Қару» жедел профилактикалық операциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл шараны өткізудегі мақсат оперативті ахуалды сауықтыру, қару қолданылатын қылмыстың алдын алу. Тәжірибеге қарасақ, осындай профилактикалық шаралар қаладағы криминалды ахуалды жеңілдетуге мұрша береді. Инспекторлар жарылғыш зат, оқ-дәрі сақтауы мүмкін деген күдікті адамдарды тексеріп жатыр. Бұл шара бізге тіркелмеген қаруды заңсыз айналымнан тәркілеуге мүмкіндік береді», - деді қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

«Профилактикалық шара кезінде азаматтық қару ұстаған жеке кәсіпкерлердің жұмысы да тексерілді. Күзет органдарының қару сақтайтын арнайы бөлмесі болуы шарт. Егер олай болмаса кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады. Бірінші күні 1000-ға жуық қару иесі тексерілді», - деді Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар