Алматы полициясы және бір алаяқтың қылмысын әшкереледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы алаяқтардың әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, полицияға хабарлсауын сұрайды. Осы мақсатта қалалық ІІД күдікті азаматтардың суретін жариялап жатыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, 30 жастағы Курман Александр да бірнеше адамды сазға отырғызып, 12 млн теңгені қолды еткен. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Бұл адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Айта кету керек, кеше қалалық полиция алаяқтық әрекет жасады деген күдікпен бірнеше адамның суретін жариялаған болатын.