Алматы полициясы жиі жасалатын қылмыстардың рейтингін жасады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының полициясы жиі жасалатын ұсақ заңбұзушылықтардың рейтингін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ІІД-не сілтеме жасап.
«2017 жылы 185 мың 81 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олар бойынша салынған әкімшілік айыппұлдардың саны 1 млрд 301 млн теңгені құрады»,-деді ведомство өкілдері.
Азаматтар жиі жіберетін кемшілік - қауіпсіздік белбеуін тақпаумен байланысты. Мұндай жағдайлар 45 мың рет тіркелген. Екінші орында, көлікті басқарып келе жатып, телефонмен сөйлеу әрекеті тұр. Мұндай фактілердің 40 мыңы тіркелді. Үшінші орында аймақтың көгалдандыру тәртібін бұзу тұр - 31 мың 172 жағдай анықталды.
Бұдан әрі қоғамдық орындарды темекі шегу және спиртті ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ көшеде заңсыз сауда жасау сияқты заңбұзушылықтар тұр.
Тізімде жол ережесін бұзу жағдайлары да бар. Алматылықтардың қарсы жолаққа шығып кету жағдай ең аз кездесетін тәртіпбұзушылық. Олардың саны - 563.