01:45, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Алматы полициясы жол қозғалысына бақылауды күшейтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарында полицейлер рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі патрульдердің бақылау-профилактикалық іс-шараларын, жол қозғалысын қадағалауды күшейткенін хабарлады.
«Басты мақсат – жол қозғалысына қатысушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жылдамдықты арттыру, апатты жағдай туғызу – жиі кездесетін жағдай. Рейд барысында көлігінің әйнегін қараңғылап алған және жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізушілер анықталды», - деп хабарлады ведомствадан.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.