Алматы полициясы жыныстық құлдықта болған жас әйелді азат етті

АЛМАТЫ. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 30-жасар Гүлмираның соңғы он күні жан түршігерлік жағдайда болған. Ол жеңгетайлардың желісіне өзінің адамға сенгіштігі мен жуастығынан түсіп қалғандығын айтады.

Алматы полициясы жыныстық құлдықта болған жас әйелді азат етті

"Бұл әйел жұмыс іздеу барысында қаладағы дәмханалардың біріне бас сұққан. Ол жерде оны даяшы қызметіне қабылдап, Чехов көшесі бойындағы жекеменшік үйдің бірінде тілдесуден өтуді бұйырады. Келесі күні ол қылмыс ордасы болып табылатын әлгі үйге барған. Содан бері ол қатты күш көрсету салдарынан клиенттерге жыныстық қызмет көрсетіп келген. Бұл жайында бізге жедел акпар арналары ақылы белгілі болды. Жедел әрекет ету арнайы жасақтарының атсалысуымен әрі өте сәтті жоспарланған арнайы операциялардың нәтижесінде жыныстық сауданың құрбаны босатылды. Ал оның жұмыс берушісі құрықталды", -дейді Алматы қаласы ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының адамды саудалау бөлімінің бастығы Танат Назанов.

Жұмыс беруші мен қылмыс ордасының қожайыны Жамбыл облысының Жуалы ауданының 35-жасар тұрғыны болып шыққан. Тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерге келгенде онда тағы да екі бойжеткен болған, алайда олар жезөкшелікпен өз еріктерімен айналысып жүргендіктерін жеткізген.

Тәртіп сақшылары сонымен қатар жақын күндері тағыда секс-ордасының жұмыс істеп келгендігін анықтағандықтарын жеткізді, бұл жолы қаладағы қонақүйлердің бірі жын-ойнаққа айналыпты. Полицейлер бұл мекеменің әкімшілігін ғана емес басқа да жұмысшыларын да қыздарды жыныстық қатынасқа жеткізіп отырғандығы үшін жауапқа тартты.