Алматы прокуратурасы сыртқы экономикалық саладағы үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Сыртқы экономикалық салада прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке 3,5 млрд. теңгеден астам залал келтірген 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысы толық тоқтатылды.

Алматы прокуратурасы сыртқы экономикалық саладағы үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының сайты хабарлады. Бұл топтардың мүшелері кедендік органдардың лауазымды адамдарын сатып алып, автомобиль, теміржол және әуе көлігін пайдалану арқылы бірнеше жыл бойы Қытайдан және Түркиядан контрабандалық тауарлар тасумен айналысқан.