Алматы прокуратурасының ықпалымен тауарлық газға тариф төмендетілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының прокуратурасының ықпалымен тауарлық газға тариф төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелері бойынша «APL Construction» ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану әрекеті анықталды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды және 78 млн. теңге айыппұл өндірілді.

«Қабылданған шаралардың арқасында Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушысының құқығы қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар
telegram