Алматы-Рига арасында тікелей әуе рейсі іске қосылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 29 сәуірінде Алматы - Рига арасында тікелей ұшақ қатынасы орнайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Алматы-Рига арасында тікелей әуе рейсі іске қосылатын болды

«Латвиялық airBaltic компаниясы 2018 жылдың 29 сәуірінен бастап Алматы мен Рига (Латвия) арасындағы тікелей әуе рейсін ашады. Жаңа бағдар Қазақстан мен Балтық елдерінің жолаушылары үшін Еуропа, Скандинавия, Ресей мен Таяу Шығыс елдерін қамтитын жаңа мүмкіндіктерді ашады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, латвиялық airBaltic компаниясы 1995 жылы ашылған. Жылына шамамен 3,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.