Алматы сақшылары сезіктілерді қылмыс үстінде ұстады

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматы полицейлері әйел азаматқа шабуыл жасап сөмкесін тартып алған үш сезіктіні ізін суытпай ұстады,

Алматы сақшылары сезіктілерді қылмыс үстінде ұстады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі күні жол полицейлері автокөлікпен торуылдау әдісі бойынша қызмет көрсетуде, жол инспекторлары жол жағдайын қадағалаудан тыс, тонау, ұрлық, қарақшылық шабуылдардың алдын алып жүр.

Түнгі шолғыншы экипажының іздестіру бөлімінің аға полицейі Руслан Молдағазиев пен аға лейтенант Нұрлан Мұсабеков түнгі 11-лер шамасында көмек сұраған жас әйелді байқайды. Сақшылардың айтуынша, әйел соққыға ұшыраған.

Фурманов пен Гоголь көшелерінің қиылысында бейтаныс үш адам әйелге шабуыл жасап, сөмкесін алып кеткен. Одан кейін сезіктілер такси ұстап, қылмыс болған жерден бой тасаламақ болған. Дегенімен, олар ұзаққа кете алмады. Жол сақшылары болған оқиғаның ізін суытпай жедел іздестіру әдісі бойынша Қазыбек би мен Фурманов көшелерінің қиылысында үш қылмыскерді құрықтады.

Тергеу жұмыстары барысында белгілі болғандай, үш жас жігіт оңтүстік астананың тұрғыны еместігі, тек қосымша қаражат табуға келгендіктері белгілі болды. Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облысының тұрғындары болып келетін қылмыскерлердің айтуынша, олар мұндай «үлкен жолға» жаңа жылдың алдында шыққан. Сондықтан да тергеушілер Жаңа жыл қарсаңында бұл үштіктің көптеген мүлікті иемдену қылмысына баруы мүмкін екендігін айтады. Қазіргі кезде аталмыш дерек бойынша тергеу істері жүргізіліп, басқа да қылмыстық істерге қатыстылығы анықталуда.