Алматы-Сарыөзек-Талдықорған жолында экодуктар салынады

None
Фото: pinterest.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» жолында экодуктар салынады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты арасында экологиялық байланысты қалпына келтіру мақсатында «Қапшағай-Балқаш» экологиялық дәлізі құрылды. «Қапшағай-Балқаш» экологиялық дәлізінің жалпы ауданы – 973 765 гектар. Бұл экодәліз мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау, биологиялық әртүрлілік, жануарлардың көші-қонының табиғи жолдарын қорғау, жайластыру және өсімдіктерді сақтау үшін осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы кеңістіктік байланысты қамтамасыз етеді», -делінген Үкімет басшысының жауабына.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта «Алматы-Талдықорған-Өскемен» республикалық маңызы бар жол бойында «Алматы-Сарыөзек-Талдықорған» және «Алматы-Сарыөзек-Қорғас» учаскелерінде жабайы жануарлардың қауіпсіз көші-қонына тиісті экодуктерді ұйымдастыру талап етіледі. Бұл жолдардың бойында малға арналған арнайы өткелдер (17 бірлік) болғанымен, жабайы жануарлардың өтуін толық қамтамасыз етпейді.

«Осыған байланысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жабайы жануарлардың көші-қон жолдарын айқындау және жолдың жоғарыда көрсетілген учаскелерінде экодуктар салу жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, қарақұйрықтардың қауіпсіз көші-қоны үшін жол беткейлеріне рұқсат беру, үздіксіз бөлу және қоршау тосқауылдарын алып тастау және белгілі бір учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін төмендету (жылдамдықты бақылау камераларын орнатумен) нұсқасын қарастыру жоспарланды. Жол картасын әзірлеу және одан әрі іске асыру Үкіметтің бақылауында болады», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар
telegram