«Алматы-Семей» бағытындағы ұшаққа бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Семейде ұшақ бортына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеше, шілденің 30-ы күні сағат таңғы 9.00-да Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне анонимді қоңырау түседі. Қоңырау шалған адам Семей әуежайында, «Алматы-Семей» бағытындағы АН-24 ұшағының бортына жарылғыш құрылғының қойылғанын хабарлайды. Жүргізілген арнайы шаралардың барысында ешқандай бомбы табылған жоқ.