«Алматы - Сеул» рейсінің жолаушысы ірі көлемде жарияланбаған ақшамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Алматы - Сеул» бағытымен ұшқалы тұрған КС 909 әуе рейсін тексеру барысында «Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекарашыларына 40 жастағы қазақстандық азаматшаны ұстауға тура келді.

«Алматы - Сеул» рейсінің жолаушысы ірі көлемде жарияланбаған ақшамен ұсталды

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл азаматшаны ұстауға себеп болған нәрсе - оның қол сөмкесінен табылған жарияланымсыз 17 700 АҚШ доллары болды. Табылған ақшаға акт жасалынып, иесімен бірге Алматы қаласының кедендік бөліміне тапсырылды. Тексеру әрі қарай жалғасуда.