Алматы студенттері полицейлерге қоғамдық тәртіпті орнатуға көмектесуде

АЛМАТЫ. 29 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы бірқатар ЖОО студенттері полицияның учаскелік инспекторларымен бірігіп, мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кезекшілікке қатысты.

Алматы студенттері полицейлерге қоғамдық тәртіпті орнатуға көмектесуде

Бірлескен шара Әуезов аудандық ІІД-да ҚР ІІМ-нің «Учаске» республикалық жедел акциясының аясында ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты - студент жастарды көшеде, білім мекемелері мен жатақханалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тарту, құқық қорғау органдарының әлеуетін қолданумен бірге өздерінің заңдық құқықтарын қорғау бойынша тәжірибеге дағдыландыру.

Осындай студенттік жасақтың әрбір мүшесінде полицияның қоғамдық көмекшісінің анықталған үлгідегі куәлігі бар, ол құқық тәртібін бұзушыларға қатысты шараларды қолдануға, тіпті ұстау, ІІБ-нің органдарына жеткізу құқығын береді.