«Алматы су холдингі» МКК техникалық шартарды және келісімдерді қайта рәсімдеуді тегін жасайды

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Алматы су холдингі» МКК суды пайдалануға қатысты техникалық шарттарды және келісімдерді қайта қарауды тегін жүргізеді. Оны мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшылығы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алматыда 60 мың кәсіпкер бар, «Алматы су холдингі» әрқайсысынан 20 мыңнан алған кезде миллиард теңге жинап алады екен деген алыпқашты әңгіменің еш негізі жоқ. Сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар техникалық шарттарды және келісімдерді қайта қарауды тегін жүргізеді. Тек мұрағаттағы техникалық қағаздар толық болмаса оны алып келіп көрсетуді сұраймыз. Жоқ болса оны 2-3 айдың ішінде жасауға мүмкіндік береміз. Жобаны жасаушы мекемелерге біздің еш қатысымыз жоқ. Оны 26 мекеме баламалы негізде жасайды», деді «Алматы су холдингі» МКК атқарушы директоры Қуанышкелді Базылов. Кәсіпорынның бас директоры Уәлихан Асанбаевтың айтуынша, «Алматы су холдингімен» су пайдалану туралы келісім жасаған заңды тұлғалардың саны 8,5 мың. Келісім барлық кәсіпкерлермен емес олар орналасқан ғимараттардың қожайындарымен ғана жасалған.
Соңғы жаңалықтар