«Алматы Су» кәсіпорнында 3408 қызметкердің 3085-і вакцинаның 1-ші компонентін алған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала халқын су және кәріз жүйесімен тәулік бойы үздіксіз қамтамасыз ететін «Алматы Су» МКК вакцинацияға бей-жай қарамайтын ұжым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы Су» кәсіпорнында 3408 қызметкердің 3085-і  вакцинаның 1-ші компонентін алған

«Жыл басынан бері вакцинаның қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кәсіпорын қалалық ауруханалар мен емханалармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Мекеме учаскелерінде медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау қажеттілігі туралы кәсіпорын қызметкерлерімен бірнеше семинарлар мен түсіндіру әңгімелерін өткізді», - деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ірі құрылымдық бөлімшелерде вакцинациялауға арналған арнайы кабинеттері ашылған.

Айта кетейік, бүгінде «Алматы Су» кәсіпорнының 3408 қызметкерінің 3085-і вакцинаның 1-ші компонентін, 2-ші компонентін 2515 адам алды. Ал 323 қызметкердің медициналық қарсы көрсетілім қағаздары бар.

Авторы: Думан Арғынгелді