Алматы субұрқақтар күнін атап өтеді
АТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін жауған жаңбырға қарамастан Алматы Субұрқақ күнін атап өтеді.
Бұл мерекелік іс-шара 2005 жылдың 25 мамырынан бастап дәстүрлі түрде атап өтілуде.
Кешке қаланың түпкір-түкпіріндегі субұрқақтар қосылып, қаламыздың сәнін келтіріп, концерттік шаралар өтеді. Алматы қаласының Медеу ауданында субұрқақтар мерекесін тойланады. Кешкі сағат 8:00-деШ.Уәлиханов ескерткішінің алдында Субұрқақтар күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, Қазақстан эстрадасы жұлдыздары мен Шығармашылық ұйымдардың қатысуымен мерекелік концерт, жастарға би кеші ұйымдастырылады.
Сондай-ақ Бостандық ауданындағы «Мега» ойын-сауық орталығының алаңындада Субұрқақтар қосылып, мерекелік іс-шаралар өтеді.
Шаһардың шырайын келтіріп, әсемдігін шыңдаған субұрқақтар мерекесіне аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысады.
Алматыдағы ең ірі субұрқақ Қазақстан Тұңғыш Президенті саябағында орналасқан. Алматыда алғаш субұрқақтар 1948 жылы Абай атындағы МАОБТ-тың және Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірідер театрының, Астана алаңы мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның алдында пайда болған.